Қоғам • 30 Қаңтар, 2024

Қазақтың белгілі ауыр атлеті Вячеслав Ершов көз жұмды

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан намысын әлемдік аренада қорғаған атақты ауыр атлет Вячеслав Ершов 44 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақтың белгілі ауыр атлеті Вячеслав Ершов көз жұмды

Фото: Instagram/wf_rk

ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Вячеслав Ершов 29 қаңтарда қайтыс болды. 

Ол 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионаттарының қатысушысы, сонымен қатар біздің республика чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы болған.

Айта кетсек, Вячеслав Ершов 2013 жылы қазақтың танымал ауыр атлеті Майя Манезамен отау құрған.