Оқиға • 03 Ақпан, 2024

Майқайыңдағы іздеу жұмысы қайта жалғасты

2129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Майқайыңалтын» кенішінде іздеу-құтқару алаңында шұңқыр пайда болып жұмыс шұғыл тоқтатылғанын хабарлаған еді, деп жазады Egemen.kz.

Майқайыңдағы іздеу жұмысы қайта жалғасты

Фото: ТЖД

Құзырлы орган шұңқырды зерттеу жұмысының нәтижесінде автобус пен екі адамды іздестіру жұмысы жалғасқанын мәлімдеді.

«Мамандар ойықты зерттеп болды. Қазір экскаватор ойық түбіне қайта түсіріліп, кен жыныстарын қайта экскавациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ойық түбіндегі терең шұңқыр үлкен тастар мен кен жыныстарының бір орында үймеленіп қалуынан пайда болған», деп хабарлады аймақтық ТЖД.