Қазақстан • 04 Ақпан, 2024

Қазақстанның алты облысында жол жабық тұр

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда қолайсыз ауа райының салдарынан алты облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың сегіз учаскесі жабылды. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның алты облысында жол жабық тұр

Фото:astanatv.kz

Ақмола облысында – 2 учаске:

«Екатеринбург - Алматы» 1292-1353-км, Жібек жолы ААП-Қарағанды обл.шек. – 61 км;

«Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 35-51-км, Қабанбай батыр к.-Қарағанды обл.шек. – 16 км. 

Жамбыл облысында – 1 учаске:

«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238-км (I категория), Кенен а. -Қайнар а. – 79 км.

Жетісу облысында – 1 учаске: 

«Үшарал-Достық» 84-184-км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км.

Қарағанды облысында – 2 учаске:

«Екатеринбург - Алматы» 1353-1373-км, Ақмола обл.шек. -Осакаровка к. – 20 км.

«Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 51-266-км, Ақмола обл.шек. -Теміртау қ. – 215 км. 

Қостанай облысында – 1 учаске:

«Жезқазған-Петропавл» 252-335-км, Ұлытау обл.шек.-Аркалық қ. – 83 км.

Ұлытау облысында – 1 учаске: 

«Жезқазған-Петропавл» 137-252-км, Ұлытау к. -Қостанай обл. шек. – 115 км.

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 542 бірлік техника және 863 жолшы жұмылдырылды.