Қазақстан • 05 Ақпан, 2024

Сарапшылар Кабирханды 20 миллион долларға бағалады

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 қаңтарда Алматы қаласы ипподромында «Кабирхан – Қазақстаннан шыққан Чемпион» атты баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz baige.federation инстаграм арнасына сілтеме жасап.  

Сарапшылар Кабирханды 20 миллион долларға бағалады

Фото: Видеоскрин, baige.federation инстаграм.

Иесінің айтуынша Кабирханның елге мәлім жеңісінің арқасында, Дубайда өтетін Әлем кубогіне жолдама алған. Финал 30 наурызда өтеді.

«Мейдан ипподромына әлемнің түкпір-түкпірінен, ең мықты деген сәйгүліктер, шабандоздар мен бапкерлер жиналады. Кабирханды екі апта тынықтырамыз, одан кейін жақсылап дайындалуға кірісеміз», дейді жүйріктің иесі Тілек Мұханбетқалиев.

«Иесі өз сәйгүлігін, Дубайдағы жеңісінен кейін, 1 миллион долларға сатудан бас тартты. Сарапшылар оны енді 20 миллион доллар тұрады деп, бағалап отыр», деп жазды baige.federation инстаграм арнасы.