Қоғам • 05 Ақпан, 2024

Көкшетауда аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері қамауға алынды

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Көкшетауда аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері қамауға алынды

фото: azattyq-ruhy.kz

Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының хабарлауынша, сот қаулысымен «Д-ға» қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы екі ай мерзімге санкцияланды.

«Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары «Д.» жеке меншікке қарсы ауыр қылмыс (ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы «Алаяқтық») жасады деген күдікке ілінді», деп хабарлады Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.