Тағайындау • 05 Ақпан, 2024

Жетісу облысы әкім аппаратының басшысы тағайындалды

1210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Түкібаев Сәкен Ғалымұлы облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысы әкім аппаратының басшысы тағайындалды

Фото: gov.kz

Сәкен Түкібаев 1991 жылы туған. Қазақстан-Британ техникалық университетін автоматтандыру және басқару, Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын қаржы, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару, өңірлік даму мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын Астана қаласында «МұнайГаз» инжиниринг компаниясы» ЖШС-да инженер болып бастаған.

Әр жылдарда Талдықорған қаласында «ТАТЭК» АҚ экономисі, Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары, Премьер-министр Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының орынбасары, Жетісу облысының туризм басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2023 жылдың мамыр айынан Жетісу облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.