Қоғам • 06 Ақпан, 2024

Ауа райына байланысты бірнеше жол учаскесі жабылды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 10.00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығы себебінен 5 облыс аумағында республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.

Ауа райына байланысты бірнеше жол учаскесі жабылды

Фото: Egemen.kz

Ақтөбе облысында – 1 учаске: «Самара-Шымкент» 776-965 км, «ЭКО Ойл» ЖҚС-Қарабұтақ кентіне дейін – 189 км.

Жетісу облысында – 1 учаске: «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма станциясынан - Достық станциясына дейін – 100 км.

Қостанай облысында – 2 учаске

  1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335, Ұлытау облысы шекарасынан - Арқалық қаласына дейін – 83 км.
  2. Екатеринбург-Алматы» 686-729 км, Сарыкөл кентінен - СҚО шекарасына дейін – 43 км.

 Солтүстік Қазақстан облысында – 3 учаске

  1. «Екатеринбург-Алматы» 729-768 км, Қостанай облысы шекарасынан -Тоқсан би ауылына дейін – 36 км.
  2. «Жезқазған-Петропавл» 595-671 км, Тоқсан би ауылынан - Явленка ауылына дейін – 76 км.
  3. «Тимирязево-Сарыкөл» 0-31 км, Қостанай облысы шекарасы аумағында – 31 км.

Ұлытау облысында – 1 учаске: «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау кентінен - Қостанай облысы шекарасына дейін – 115 км.