Қоғам • 06 Ақпан, 2024

Архив қызметкерлері семинарға қатысты

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда архив қызметкерлеріне арналған «Архив қорларын жинақтау және мемлекеттік есепке алуды жүргізу» тақырыбында өңірлік семинар өтті, деп жазады Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

 

Архив қызметкерлері семинарға қатысты

Фото: aqparatqogam

Семинар  барысында  архив қорларын сапалы жинақтау, Ұлттық архив қорының құрамына құжаттарды жатқызу бойынша өлшемшарттарды қолдану, мемлекеттік есепке алуды жүргізу ерекшеліктері, оның ішінде «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесіндегі мәселелер талқыланды. Екі секция бойынша жоспарланған тақырыптық алаңда архившілер архивтік құжаттарды жинақтау және есепке алу жөніндегі заңнама нормаларын және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іс жүзінде қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.