Жастар • 07 Ақпан, 2024

Талантты жастарға – тартымды орталық

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Qostanai ІТ Hub – Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында ашылған ел астанасындағы Astana Hub технопаркінің өкілдігі. Мұнда IT орталық, зертханалық кешен, конференц-зал, коворкинг және ойын алаңдары, тағы басқа да салалық секторлар бар.

Талантты жастарға – тартымды орталық

Qostanai ІТ Hub-та стартап-жобалар мен IT-компанияларға арналған білім беру бағдар­ла­малары, сондай-ақ түрлі инку­ба­циялық бағдарламалар, хакатондар мен өзге де жаңашыл тех­ноло­гиялық ізденістерге із ашатын іс-шаралар жүзеге асырылады.

Жуырда Үкімет басшылығы­ның өңірге жұмыс сапары ке­зінде А.Байтұрсынұлы атын­дағы Қостанай өңірлік уни­вер­ситеті жанындағы Qostanai ІТ Hub орталығына өңір­дің шы­­ғар­машыл жастары жиі ке­леді. Жал­пы, рес­публикада цифр­лық инфра­құ­рылымды дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасып жат­ыр. Мәселен, кейінгі 1,5 жыл ішінде 12 өңір­лік IT-хаб ашылған. Биыл тағы 7-еуін іске қосу жоспарланып отыр.

– Бізде дарынды жастар жетерлік. Мұндай IT хабтар талантты жастарымыз үшін тартымды орталыққа айналмақ. Мұнда инновациялық техно­ло­­гиялар саласында өзін-өзі же­­тіл­діруге және білім алу­ға жағдай жасалған. Нәти­же­сінде, жаңа әзір­­лемелер мен тиімді жобалар пайда болады. Мұн­дай мүм­кін­діктер мен қол­дау шаралары барлық өңір­дегі жастарда болуы маңызды, – деген еді бұрынғы премьер-министр.

 

Қостанай облысы