Аймақтар • 08 Ақпан, 2024

Біреуі дін аман. Түркістан облысында жоғалған екі азамат табылды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында 7 ақпанда 1975 және 1989 жылдары туған екі адам Түлкібас ауданының Керейт ауылынан мал іздеуге шығып, ауа райының қолайсыздығынан адасып кетті, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Біреуі дін аман. Түркістан облысында жоғалған екі азамат табылды

Фото: qr_tjm

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына 48 адам, 4 техника, 2 дроннан құралған Түркістан облысы ТЖД, ЖАО күштері мен құралдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары ауа райының нашарлауымен қиындады. Іздеу тобы 1989 жылы туған азаматты Шинбұлақ ауылынан тапты. Өкінішке қарай, 1975 жылы туған азаматтың денесі дабылды», деп жазылған ақпаратта.

Төтенше жағдайлар министрлігі қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, дауылды ескертулерге назар аударып,  ауа райы нашарлаған жағдайда жол жүрмеуді ескертті.