Аймақтар • 08 Ақпан, 2024

Түркістан облысындағы азық-түлік дүкенінде жарылыс болды

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында болған. Қалада орналасқан азық-түлік дүкендерінің бірінде қысқа толқынды пешті қосқанда газ жарылған. Екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген, деп жазады Egemen.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Түркістан облысындағы азық-түлік дүкенінде жарылыс болды

Фото: видеодан скриншот

Жарылыс салдарынан ғимараттың қабырғалары құлап, екі адамның бетін күйік шалған.

«59 жастағы адамның бетін 10-12 пайызға күйік шалған, ал 6 жастағы баланың беті 6-7 пайызға күйген. Екі тұрғын Леңгір қалалық ауруханасына жеткізілді», делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.