Медицина • 09 Ақпан, 2024

Ақмарал Әлназарова омбылап қар кешкен ақтөбелік фельдшерлерге алғыс айтты

2530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмарал Әлназарова омбылап қар кешкен ақтөбелік фельдшерлерге алғыс айтты

Фото: ДСМ басшысының Facebook парақшасынан

«Кез келген ауа райында, аяз бен боранда, жол жоқ жерде жедел жәрдем бригадалары төтенше жағдайларға қарамастан адамдардың өмірін сақтап қалу қажет миллиондаған шақыртуға қызмет көрсетеді. Осындай батырлардың қатарында – Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлері Құдияров Бауыржан Сұлтанханұлы, Тілеу Қайрат Берікұлы, Рысбай Сая Ыбырайқызы бар. Олар қар құрсауына қарамастан жүрек ұстамасымен ауыратын науқасқа жетіп, өздерінің асыл кәсібіне адалдықтары мен күш-жігерлерін танытты. Дәрігерлердің айтуынша, сол жерде кардиограмма жасалып, ұсынымдар берілді, сәтін салғанда пациент емдеуге жатқызуды қажет етпеді», деп жазды А.Әлназарова Facebook парақшасында.
 
Осы ретте ол Хромтау ауданының жедел жәрдем бригадасы фельдшерлерінің қажырлы еңбегін ерекше атай келе, барлық медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.
 
Еске салайық, кеше әлеуметтік желіде науқасқа қалың қарды кешіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлерінің видеосы тараған еді.
Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше