Хоккей • 09 Ақпан, 2024

Хоккейден ӘЧ-2028 қайда өтеді? Қазақстан өтінім берді

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан шайбалы хоккейден 2028 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизион ойындарын қабылдауға өтінім берді. Бұл туралы BasSport.kz сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Хоккейден ӘЧ-2028 қайда өтеді? Қазақстан өтінім берді

Фото: BasSport.kz.

Хоккейден 2028 жылғы әлем чемпионатын өткізуге Франция да өтінім берді. Дүбірлі доданы қай ел өткізетіні 24 мамырда Рига қаласында өтетін жиын барысында анықталады.

Естеріңізде болса, былтыр Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өз елімізде өткізу бойынша өтінім берген еді, алайда, дауыс беру нәтижесінде әлем чемпионаты Германияда өтеніні белгілі болды.

Алдағы жылдары шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтетін елдер:

2024 – Прага және Острава (Чехия)

2025 – Стокгольм (Швеция) және Хернинг (Дания)

2026 – Цюрих және Фрибург (Швейцария)

2027 – Мангейм және Дюссельдорф (Германия)