Спорт • 10 Ақпан, 2024

Grand Slam турнирі: қазақтың дзюдошылары жасақталды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтеді. Осы орайда Қазақстан ерлер құрамасы және әйелдер құрамасы жасақталды. 1-3 наурызда өтетін турнирге қатысатын дзюдошылардың тізімі бірер күн бұрын Olympic.kz сайтында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Grand Slam турнирі: қазақтың дзюдошылары жасақталды

Фото: Olympic.kz

Ерлер командасы: 

60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев;

66 келі: Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев;

73 келі: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов;

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев;

90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков;

100 келі: Бекзат Шағатаев, Нұрлыхан Шархан;

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай.

Әйелдер командасы: 

48 келі: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева;

52 келі: Балнұр Әбдешова, Толғанай Әбеуова;

57 келі: Бақыт Құсақбаева;

63 келі: Есмигул Куюлова, Кристина Сотникова;

70 келі: Екатерина Токарева;

78 келі: Аруна Жангелдина, Маргарита Гриценко;

+78 келі: Камила Берліқаш, Назгүл Маратова.