Ауа райы • 12 Ақпан, 2024

-32 градус: Елімізге аяз қайта оралады

8147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК мамандары 13 ақпан мен 15 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

-32 градус: Елімізге аяз қайта оралады

фото: tengrinews.kz

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде ауа температурасының құбылуы күтіледі.

«13-14 ақпанда фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, солтүстік облыстарда қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады. Сондай-ақ батыста ауа температурасы -5+5°С, солтүстік, орталық шығыс облыстарда -5+2 градусқа дейін көтеріледі», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Болжам бойынша, 15 ақпанда Қазақстан аумағынан циклон шығады, оның орнын қарсыз арктикалық антициклон басады, ал оның әсерінен республиканың солтүстік жартысына аязды ауа райы қайта оралады.

«Елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанға қарай ауа температурасы түнде -22-32°С, күндіз -15-27°С дейін төмендейді», делінген хабарламада.