Қазақстан • 13 Ақпан, 2024

Қазақстан әлемдік аренада жаңа жетістікті бағындырды

195 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Германияның беделді ғылыми-сараптамалық орталығы – «Ғылым және саясат қоры» «Орта державалар – халықаралық саясаттағы маңызды факторлар» атты көлемді мақалалар жинағын жарыққа шығарды. Жинақта Қазақстан алғаш рет орта державалар қатарына енді. Қазақстан бұрын-соңды бұл санатқа енбеген еді, деп жазады Egemen.kz sayasat.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан әлемдік аренада жаңа жетістікті бағындырды

Фото: sayasat.kz

«Орта державалар» санатына әлемдік аренадағы саяси және экономикалық маңызды мемлекеттер енеді. Бұл тізімнен Қазақстан биыл алғаш рет табылды. «Орта державалар» санатында Түркия, Израиль және Үндістан сынды мемлекеттер де бар.

Бұл ұйымның Германия үкіметімен және парламентімен әріптестігін ескере отырып, Еуропалық одақ елдерінің Орталық Азиядағы Қазақстанға көбірек назар аударатынын болжауға болады. 

Ұйымның Қазақстанды «Орта державалар» санатына қосуына елдегі сыртқы саясат, тұрақты даму, энергетика мен нақты шешімдер әсер еткен.

«Ғылым және саясат қорының» мақаласы еуропалықтарға өзгеріс туралы сигнал береді: енді олар бұрын стратегиялық қашықта болған елдермен де санасуға мәжбүр болады, әйтсе де олармен серіктестікте болу экономикалық және саяси жағынан тиімді. Еуропалық Одақ елдерінің ақпараттық күн тәртібінде Қазақстан жаңа экономикалық және саяси әріптес ретінде ғана емес, инвестициялар үшін алаң ретінде де жиі танылатынын айтуға болады. Оның кіріспесі Президент Қ.Тоқаевтың шет мемлекеттерге сапарлары аясында басталып та кетті.

Осылайша, 2023 жылғы жұмыс сапарлары кейбір еуропалықтардың санасында Қазақстанның идеологиялық көзқарастардан тыс өз мүдделерін сенімді қорғайтын және дипломатия өнері қажет болған жерде жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын егемен ел ретіндегі бейнесін бекітіп үлгерді», деп жазды ақпараттық портал.