Президент • 14 Ақпан, 2024

Президент Қатардағы ірі компанияның атқарушы директорын Астана халықаралық форумына шақырды

37 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qatar Investment Authority компаниясының бас атқарушы директоры Мансур Ибрагим Әл-Махмудты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қатардағы ірі компанияның атқарушы директорын Астана халықаралық форумына шақырды

Фото: akorda.kz

Әлемдегі ең ірі дербес қорлардың бірінің басшысы Мансур Ибрагим Әл-Махмудпен кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және қаржы саласындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Qatar Investment Authority компаниясы мен «Самұрық-Қазына» қоры арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық екі елдің экономикалық серіктестігінің қозғаушы күші бола алатынын атап өтті.

Мансур Ибрагим Әл-Махмуд Қазақстанның қаржы нарығына шығу, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені өнімдерін терең өңдеуге қатысты жобаларды жүзеге асыру жоспары жөнінде айтты.

Бұдан бөлек, кездесуде «Астана» халықаралық қаржы орталығында қазақ-қатар тікелей инвестициялар қорын құру мүмкіндігі қарастырылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Qatar Investment Authority компаниясының бас атқарушы директорын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.