Аймақтар • 15 Ақпан, 2024

Қостанайда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қостанайдағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 23 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Фото: ТЖМ

Бүгін сағат 10:10-да Қайырбеков көшесі, 385-үйдегі көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт пәтерлердің бірінде басталған, онда шамамен 20 шаршы метр аумақтағы жиһаздар өртенген.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барып, жедел шаралар қабылдады. Барлығы 15 адам құтқарылды, оның ішінде 8 бала бар, 23 адам эвакуацияланды. 

«Өрт сағат 10:54-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Қостанай облысы ТЖД жеке құрамынан 19 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды», делінген хабарламада.