Жануарлар • 15 Ақпан, 2024

Қой-ешкі, сиыр кеміп, жылқы мен түйе көбейген

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы мал шаруашылығын  дамытудың негізгі көрсеткіштерін жария етті, деп жазады Egemen.kz

Қой-ешкі, сиыр кеміп, жылқы мен түйе көбейген

Фото: ашық дереккөз

Отыз жылдың ішінде елімізде ірі қара, қой-ешкі басы айтарлықтай кеміп, керісінше, жылқы мен түйе малы едәуір көбейген. Мысалы 1990 жылы ірі қараның саны 9 миллион 757 мыңнан асқан. Қой-ешкінің саны 33 миллион 660 мыңға жетіп жығылған. Арада 32 жыл өткенде (2022 жылғы есеп бойынша) ойсылқара тұқымы 8 миллион 538 мыңнан әзер асып тұр. Ұсақ бас қой мен ешкі тіпті 21 миллион 786 мың ғана. 1990 жылғы есепте жылқы 1 миллион 626 мың болса, 2022 жылғы санақта  3  миллион 856 мыңға жеткен. Түйе өсіруде де ілгері басу бар. 1990 жылдардың басында 143 мың түйе санаққа ілінсе, қазіргі таңда 259 мыңға көбейген.