Аймақтар • 15 Ақпан, 2024

ШҚО-да браконьер қақпанмен сегіз бұлғын ұстаған

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция қызметкерлері заң бұзушыны «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да браконьер қақпанмен сегіз бұлғын ұстаған

Тәртіп сақшылары ер адамның омартадағы жануарларды тұзақ арқылы аулағанын анықтаған. Тушасын тастап, үйінде бағалы аң терісін сақтап отырған.

Алтай ауданының 47 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге 3 мың АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі жаза немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы төніп тұр.

ШҚО ПД барлық аң аулау әуесқойларын елдің табиғатты қорғау заңнамасы мен сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, «Браконьер» ЖПІШ 29 ақпанға дейін өткізіледі.