Қоғам • 20 Ақпан, 2024

Республикалық маңызы бар 7 жол бөлігі жабылды

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ауа райы қолайсыздығына байланысты 5 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар 7 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар 7 жол бөлігі жабылды

Фото: «ҚазАвтоЖол», телеграм

Абай облысы - жалпы ұзындығы 1084 км 3 автожол (-40 градусқа дейін аяз күшейіп тұр):

  1. «Таскескен-Бақты» - Таскескен ауылы-Бақты ауылы;
  2. ⁠«Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» Қарағанды облысының шекарасы-Боғас;
  3. «Семей-Қайнар» Семей қаласы-Қайнар ауылы.

Жамбыл облысы - жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол (ауа-райының төмендеуі):

  1. «Алматы - Ташкент-Термез» Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады).

Қарағанды облысы – жалпы ұзындығы 103 км 1 автожол (Абай облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты):

  1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» Қарқаралы-Абай облысының шекарасы (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін).

Қостанай облысы - жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты):

  1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысы-Арқалық қ. (барлық көлік түрлері).

Ұлытау облысы - жалпы ұзындығы 115 км 1 автожол (боран, жел, ауа райының төмендеуі):

  1. «Жезқазған-Петропавл» – Қостанай облысы-Ұлытау ауылы (барлық көлік түрі), Жезді-б.-Ұлытау ауылы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін).

Осы уақытта автожолдарда 710 бірлік техника және 1432 адам жұмыс істеп жатыр.