Ауа райы • 21 Ақпан, 2024

Синоптиктер ескертеді: ауа температурасы -40 градусқа дейін түседі

3932 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер ескертеді: ауа температурасы -40 градусқа дейін түседі

Фото: aikyn.kz

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі ұсынған болжамға сәйкес, күндіз Қарағанды облысының батысында және оңтүстігінде бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласында түнде -40 градус қатты аяз сақталады.

Түнде Абай облысында -40 градусқа дейін қатты аяз болады.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын күтіледі. Ал Жезқазғанда қарлы боран соғады.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында көктайғақ, тұман болады. Ақтауда да түнде көктайғақ болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман түседі. Облыстың таулы асуларында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с болатын жел соғады. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде -27 градус аяз болады. Алакөл ауданында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болжанып отыр. Қызылордада кей жерлерде тұман түседі.