Аймақтар • 22 Ақпан, 2024

2 облыста автожолдар жабылды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қолайсыз ауа райы салдарынан 2 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп жазады Egemen.kz ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 облыста автожолдар жабылды

Фото: Azattyq Ruhy

Қостанай облысында — жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожолда көлік қозғалысы шектелді. 

  1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау облысының шекарасы — Арқалық қаласы (көліктің барлық түрлері үшін).

    Ауа температурасының төмендеуі, аяз бен екпінді желдің салдарынан Ұлытау облысында — жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожол жабылды. 

    1. «Жезқазған — Петропавл» — Ұлытау — Қостанай облысының шекарасы (барлық көлік түрлері үшін).