Аймақтар • 22 Ақпан, 2024

Алматы маңында тағы жер сілкінді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде, яғни Қытай аумағында тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы маңында тағы жер сілкінді

фото: baq.kz

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпуін Астана уақытымен 13:59-да тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,9. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,6», делінген хабарламада.

41 минуттан кейін дәл осы ауданда 4,2 балдық жер сілкінісі болды.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілгені туралы мәлімет жоқ.