Оқиға • 23 Ақпан, 2024

Шетелдік автокөлікті заңсыз тіркеумен айналысқандар анықталды

908 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Көкшетау қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы маманымен астыртын келісу арқылы, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын пайдаланып, міндетті төлемдерді жасамай 68 шетелдік көлікті тіркегендер анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Шетелдік автокөлікті заңсыз тіркеумен айналысқандар анықталды

Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы аймақтағы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені белгілі болды. Бұрынғы қызметкердің мемлекеттік шығыны шамамен 449 миллион теңге.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.