Қоғам • 23 Ақпан, 2024

3 облыс аумағында 3 жол бөлігі жабық

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 09:30-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді,  деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.

3 облыс аумағында 3 жол бөлігі жабық

Фото: «ҚазАвтоЖол», Телеграм.

Жетісу облысында - жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 1 автожол (шектеулі көрініс, боран) «Үшарал-Достық» – Көктума бекетінен Достық бекетіне дейін.  

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)  «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысы шекарасынан-Арқалық қаласына дейін.

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожолда (екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі) «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау кентінен-Қостанай облысы шекарасына дейін.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп – ұстауға 387 бірлік техника және 796 жолшы жұмылдырылған.