Ауа райы • 23 Ақпан, 2024

Аяздың беті қайта ма? Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 24-26 ақпан аралығында Қазақстанда қандай ауа райы болатынын болжады, деп жазады Egemen.kz.

Аяздың беті қайта ма? Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Фото: wallhere.com

Алдағы демалыс күндері еліміздің солтүстігінде аяздың беті қайтады. Ал батысында антициклонның әсері әлі де сақталады, бірақ жауын-шашын күтілмейді.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, тұман, көктайғақ болады. Болжасға сәйкес, еліміздің батысындағы температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.

«Елдің солтүстігі мен орталығында ауа температурасы түнде 22-35 ℃ аяздан 10-23 ℃ аязға дейін, шығыста түнде 12-22℃ аяздан 23-38℃ төмендейді; оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа температурасы 8-23℃ көрсетеді», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.