Әскер • 24 Ақпан, 2024

Жауынгерлік даярлық маманының кәсіби күні енгізілді

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрінің осы жылғы 2 ақпандағы бұйрығымен ҚР Қарулы күштерінің кәсіби мерекелері тізбесіне жауынгерлік даярлық маманы күні енгізілді, ол тамыз айының 14-і атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жауынгерлік даярлық маманының кәсіби күні енгізілді

Фото: gov.kz

Ведомство мәліметінше, армияның жауынгерлік әлеуетін нығайту ісіндегі аталған қызмет бағытының маңыздылығын ескере отырып, 1992 жылғы 14 тамызда Қорғаныс министрінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары – ҚР Қорғаныс министрлігі жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы лауазымы бекітіліп, оған генерал-майор Юрий Құрматов тағайындалған еді. 

Жауынгерлік даярлық үдерісін орталықтандырып басқару – әскерлердің жауынгерлік жоғары деңгейде машықтанудың және олардың жауынгерлік әзірлігін арттырудың міндетті ережесі. 

Қарулы күштердегі жауынгерлік даярлық органдарының командирлері мен мамандарының күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында оқу процестері үнемі жетілдіріліп отырады, өткізілетін іс-шаралардың қарқындылығы мен ауқымы артып келеді. Олардың барлығы әскерлерді ұрысқа қажет нәрсеге үйрету қағидатына бағынады.