Қоғам • 26 Ақпан, 2024

Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 6 жылға сотталды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы «Eolus» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 6 жылға сотталды

Фото: behance.net

Ол 2023 жылдан бері АҚШ-та орналасқан жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деп жеке тұлғаларды ақша салуға үгіттеп келген. Ол үшін арнайы кеңсе жалдап, «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС-ны тіркеген. Инвесторлардың қаражаты криптовалюта түрінде тартылған. Ол есепке алу мен қайта бөлу үшін шетелдік хакерлер жасаған «energyeolus.info» платформасында көрсетілген. Астанада ақшасын салған 535 адам анықталды.

«Сот шешімімен 187 млн теңгеге тең 408 мың USDt көлеміндегі криптовалюта мемлекет пайдасына тәркіленді. Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленді, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ енді ол 5 жыл азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналыса алмайды», делінген хабарламада.