Аймақтар • 28 Ақпан, 2024

Жамбыл облысында тасжолдың бір бөлігі жабылды

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 09:15-тегі ахуал бойынша ауа райы қолайсыздығынан 1 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар 1 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында тасжолдың бір бөлігі жабылды

Фото: «ҚазАвтоЖол»

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол боран, шектеулі көрініске байланысты жабық: «Алматы-Ташкент-Термез», Кенен а. - Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады). (автокөліктің барлық түрлері үшін) Аталған учаскеде көліктердің жиналуы байқалмайды.

Республикалық маңызы бар автожолдарға 414 бірлік техника және 841 адам жұмылдырылды.