Экология • 28 Ақпан, 2024

Каспий теңізінің жағалауы тайызданып барады (видео)

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау блогері Нұркен Тәжібай өзінің Instagram парақшасында Каспий теңізінің тайыз жағалауын түсірген видеоны жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Каспий теңізінің жағалауы тайызданып барады (видео)

Фото: kazgazeta.kz

Видеодан теңіз жағалауының алыстап бара жатқанын байқауға болады. 

«Теңізіміз былтырға қарағанда алысқа кетіп қалыпты», деп жазды блогер. 

Бұл блогердің Каспий теңізін түсірген алғашқы видеосы емес. Жергілікті бейнеоператор Нұркен Тәжібай 2022 жылы Түпқараған ауданындағы Жығылған ойпаты аймағында да болған.

Оның айтуынша, сол кезде су жағадан 60-70 метрдей алыстаған.