Мереке • 01 Наурыз, 2024

Германияда тұратын жерлестеріміз қазақ еліне алғыс айтты

5118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияда тұратын ақтоғайлық жерлестеріміз Эстерлейн Татьяна, Ульмер Нелли мен Виктор, Эстерлейн Гуго қаза елін 1 наурыз Алғыс айту күнімен құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді, деп жазады Egemen.kz Ақтоғай әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Германияда тұратын жерлестеріміз қазақ еліне алғыс айтты

Олардың шетел асып кеткендеріне 30 жылдан аса уақыт өтсе де, Қазақстан десе көңілі бөлек. Қазақ жерінде тұрған немістер мұндағы тек жақсы күндерін еске алады. Сол үшін де қазақ халқына алғыс білдіреді.

«Қымбатты Қазақстандықтар! Сіздер биыл бесінші жыл қатарынан Алғыс айту мерекесін атап өтесіздер. Осы орайда, соғыстың ең сұрапыл жылдары ата-аналарымыз сіздердің арқаларыңызда бұл кезеңді бастан өткергені үшін, Қазақстанда туып-өсіп, білім нәрімен сусындағанымыз үшін, бақытты өткізген жастық шағымыз үшін сіздерге алғыс айтқымыз келеді», деді жерлесіміз. 

Сонымен қатар олар осы сәтті пайдалана отырып өздерінің мұғалімдеріне, сыныптастарына, достарына алғыс білдірді. 

«Құрметті қазақтар! Бақытты болыңдар, дендерің сау болсын. Ақтоғайлықтарға үлкен сәлем айтамын. Дастарқандарың бай, шаңырақтарың биік, ат-көлік аман болсын», деп ізгі тілектерін жаудырды жерлестеріміз.