Спорт • 01 Наурыз, 2024

Әлемдік Гран-при турнирінде белдесетін балуандар белгілі болды

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Австрияның Линц қаласында наурыздың 8-10 күндері дзюдодан өтетін әлемдік Гран-при турниріне баратын Қазақстан командасы жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдік Гран-при турнирінде белдесетін балуандар белгілі болды

Фото: olympic.kz

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәлім етуінше аталған турнирде ел намысын жеті салмақ бойынша 14 балуан қорғайды:

60 келі: Ержан Еренғайыпов, Қанат Сейілхан

66 келі: Нұрсұлтан Зайзағалиев, Жанарыс Рахматқали

73 келі: Жансай Смағұлов, Ислам Тоқтасын

81 келі: Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла

90 келі: Аян Байғазы, Айдар Арапов

100 келі: Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай.