Ауа райы • 02 Наурыз, 2024

Бұрқасын болып, тұман түседі. Синоптиктер ертеңгі ауа райы болжамын жариялады

1757 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК Астана қаласы мен 6 облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Бұрқасын болып, тұман түседі. Синоптиктер ертеңгі ауа райы болжамын жариялады

Фото: qazaqstan.tv

Синоптиктер ұсынған дерек бойынша, 3 наурыз күні Астана мен Батыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Ал Қазақстанның солтүстігінде  қар жауып, бұрқасын болады.

Ақмола облысында бұрқасын соғып, тұман түседі деп болжанып отыр.

Жетісу облысының аумағында екпінді жел соғып, тұман түседі.

Түркістан облысында да екпінді жел соғып, жауын-шашын күтіледі. 

Елдің шығысындағы екі қала Өскемен мен Риддерде қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды.