Ауа райы • 03 Наурыз, 2024

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер үшінші наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

Фото: zakon.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Тек Қазақстан Республикасының батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман күтіледі, күндіз елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.