Оқиға • 03 Наурыз, 2024

Каспий жағалауындағы қамыс өрті әлі де сөндіріліп жатыр

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 наурыз күні сағат 15.45-те Каспий теңізінің жағалауында, Құрманғазы орман шаруашылығы аумағында 100 гектар алқаптағы қамыс өсімі өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Каспий жағалауындағы қамыс өрті әлі де сөндіріліп жатыр

Фото: Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Сағат 17.57-де қамысты сөндіруге Құрманғазы ауданы №7 Өрт сөндіру бөлімінен 36 адам, 5 бірлік мотопомпа, 1 бірлік техника, 4 моторлы қайық жұмылдырылды.

3 наурыз сағат 12.30-да Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіру әлі де жалғасып жатыр. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиға орнына жеке құрамның 35 адамы, моторлы қайық, 6 мотопомпа және орман шаруашылығы техникасы жұмылдырылды.

«Өртті сөндіруді батпақты жер және тығыз өсімдіктер қиындатады, бұл арнайы техниканың өтуіне кедергі болады», деп хабарлады ТЖД.