Оқиға • 04 Наурыз, 2024

Өскеменде тұрғын үй өртінен бір адам қаза тапты

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында пәтер өртеніп, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz

Өскеменде тұрғын үй өртінен бір адам қаза тапты

Фото: ТЖМ

ТЖМ мәліметіне сәйкес, өрт Бажов көшесінде 5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан.

«Өрттің ауданы 13 шаршы метрді құрады. Өрт орнында түтіннен уланған белгілері бар және денесін күйік шалып, қайтыс болған 1986 жылғы тұрғынның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – отты абайсыз пайдалану», делінген ведомство хабарламасында.

Қызыл жалынның басылуына ТЖД жеке құрамынан 9 адам жəне 3 техника тартылған.