Қоғам • 04 Наурыз, 2024

Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының тұрғындары қатты жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Фото: azh.kz

Ведомство мәліметінше, 4 наурыз сағат 11:22-де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Зілзала ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы − 13.2. MPV магнитудасы − 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° С. Е. 76.96° ш. б. Тереңдігі − 10 км. Жер сілкінісі МSК-64 шкаласы бойынша 5 балл сезілген.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті сиреналарды іске қосты.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше