Дін • 04 Наурыз, 2024

Биыл Рамазан айы 11 наурызда басталады - ҚМДБ

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдердің Ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Рамазан айы 11 наурызда басталады - ҚМДБ

Фото: massaget.kz

Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады.

Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.

4

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді.

Сондай-ақ өзіңізге қажетті облыс, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6000 елді мекен) ораза және намаз кестесін https://www.muftyat.kz/kk/page/ramadan сілтемесі бойынша жүктеп алуға болады.