Парламент • 04 Наурыз, 2024

Соттан Парламентке дейін: 33 жастағы жаңа Мәжіліс депутаты кім?

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Amanat партиясы өз құзыретіндегі бос орынды Нұрсұлтан Байтілесовке бермек. Партия шешімі Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.

Соттан Парламентке дейін: 33 жастағы жаңа Мәжіліс депутаты кім?

Фото: facebook/Aslan Tukiyev

Нұрсұлтан Байтілесов - 33 жаста. Ол бұған дейін Мәжіліс депутаты болған, қазіргі қаржы министрі Мәди Тәкиевтің орнын басады. Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Әр жылдары Астана, Атырау, Павлодар облыстарының сотында еңбек етті. Сондай-ақ Әскери сот әкімшісінің басшысы, Шымкент қаласындағы соттардың әкімшісі болды.

2020-2023 жылдар аралығында Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.