Спорт • 04 Наурыз, 2024

Үздіктер қатарына ілікпеді

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тайпейде мәнерлеп сырғанаудан жас­тар арасындағы әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Жекелеген сайыс­та Қа­зақстанның туы астында Олег Мель­­ников пен Екатерина Балюба өнер көрсетті. Өкінішке қарай, екеуі де үл­кен сынаққа дайын болмай шықты.

Үздіктер қатарына ілікпеді

Жарысты қыздар бастады. Қысқа бағдар­ламаның қорытындысы бойынша Екатерина Балюбаның финалистер қатарына қосылуға шеберлік деңгейі жетпеді. Ол 46 спортшының арасында 34-орынды қанағат тұтты. Содан біз Олег Мельниковтың жолына үмітпен қарадық. Бірақ ол да сенім үдесінен шыға алмады. Жаттығудың алғашқы түрінде 33-орында қалып қойған жерлесіміз жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.

Қыздар сайысында 15 жастағы жапониялық Мао Шимада алдына жан салмады. Оңтүс­тіккореялық Син Джиа мен Күншығыс елінің тағы бір өкілі Рэна Уэдзоно жүлдегелер санатына қосылды. Ерлер бәсекесінің бас жүлдесі Оңтүстік Кореяға кетті. Бұл тартыста Со Мингю­дің мерейі үстем болды. Жапониялық Франсуа Пито күміс алса, словакиялық Адам Гагара қолаға қол созды.

Жұптар арасындағы жарыста грузиялық Анастасия Метелкина мен Луа Берулаваның бақ жұлдызы жанса, америкалық Оливер Флорес пен Люк Ванг және Намоми Уильямс пен Лаклан Льюэр үздіктер қатарынан көрінді. Спорттық биден өткен бәсекеде АҚШ-тың аса дарынды жастары – Лия Несет пен Артем Мареловқа тең келер ешкім табылмады. Израильден келген Элизабет Ткаченко мен Алексей Киляков екінші орынды еншілесе, неміс жұбы Дария Грим мен Михаил Савицкий үшінші сатыға тұрақтады.