Жеңіл атлетика • 05 Наурыз, 2024

Надежда үмітті ақтамады

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шотландия астанасы Глазгода жеңіл атлетикадан жабық ғима­раттағы әлем чемпионаты аяқталды. Аталған жарыста Қазақстанның екі спортшысы өнер көрсетті. Олар – биік­тікке секіруші Надежда Дубовицкая мен 60 метрге кедергілер арқылы жүгірген Давид Ефремов.

Надежда үмітті ақтамады

Шотландияның бас ша­һа­рында біз Надежда Дубовиц­каяға зор сенім артқан едік. Осы­дан екі жыл бұрын Бел­градта өткен дәл осы додада ол 1 метр 98 сантиметрге се­кіріп, қола медаль иеленді. Со­нымен қатар Азияның рекордын жаңартты. Бірақ бұл жолы Надежданың бағы жанбады. Глазгода небәрі 188 сантиметрге секірген ол 8-орынды қанағат тұтты. Бас жүлдені Олим­пия ойындары мен әлем чемпионатының жүлдегері, аус­тралиялық Никола Оли­слагерс (1,99 см) жеңіп алса, күміс және қола медальды украиналық Ярослава Магучих (1,97 см) пен словениялық Лиа Апостоловски (1,95 см) ие­лен­ді.

Келесі күні Давид Ефремов жарыс жолына шықты. Бір­ақ одан да қайыр болмады. Азия чемпионы деген атағы бар отандасымыз 7,64 секунд­тық көрсеткішпен 12-орынға тұ­рақтады. Кедергілер арқылы жүгіруде Токио Олим­пиада­сының күміс жүлдегері, әлем­нің төрт дүркін чемпионы, аме­рикалық Грант Холлоуэй шаша­сына шаң жұқтырмады. Екінші және үшінші орындарды Францияның қос желаяғы – Вийем Белосян мен Джаст Квау-Мэти өзара бөлісті.