Аймақтар • 04 Наурыз, 2024

Алдағы күндері Алматыда тағы жер сілкіне ме?

1028 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сейсмология институты Алматыда жақын арада болуы мүмкін жер сілкінісіне қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері Алматыда тағы жер сілкіне ме?

Қалалық ТЖД таратқан дерекке қарағанда, сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндері Алматы аумағында күшті жер сілкіністері 70 пайыз ықтималдықпен күтілмейді деген қорытындыға келді.

- Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылғы 4 наурызда 12 сағат = 20 минутта Алматы болжамалы полигонда сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады, - делінген хабарламада.

Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады. Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында алдағы сәрсенбі күні өтеді.