Қоғам • 05 Наурыз, 2024

Танымал спорт комментаторы өмірден өтті

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1968-2003 жылдары Қазақ телевизиясында редактор, комментатор қызметін атқарған ардагер журналист Рабат Жәнібеков өмірден өтті, деп жазады Egemen.kz.

Танымал спорт комментаторы өмірден өтті

Фото: Kazinform

Қаралы хабарды журналист Кемелбек Ойшыбаев әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жеткізді: 

«Қазақ телевизиясының белгілі спорт журналисі, алғаш қазақ тіліндегі спорт комментаторы болған, ардагер Рабат Жәнібеков өмірден өткені туралы суық хабар таңмен келді. Рабат ағамыз туралы кішкентай кезімнен еститінмін, әкем Бақтығұл Ойшыбаев Рабат ағаймен КазГУ-де журналист мамандығына оқыған кезінде жатақханада бір бөлмеде тұрғанын айтып, студенттік шақтарын еске алатын. Соңғы кезде ауырып жатқаны туралы ұлы Муслим хабарлаған. Ағамыздың арты қайырлы, жаны жаннатта болсын», деп жазды ол.

Рабат Жәнібеков Түркістан облысы Қазығұрт ауданында 1942 жылы дүниеген келген.

Ол ең алғаш футболдан 1973 жылы Мәскеуде өткен КСРО Чемпионатында «Қайрат» - «Торпедо» кездесуін қазақ тілінде жүргізді.