Парламент • 06 Наурыз, 2024

Мәжілістің жаңа депутаты ант қабылдады

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілістің жалпы отырысында «Amanat» фракциясының жаңа депутаты Нұрсұлтан Байтілесов Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжілістің жаңа депутаты ант қабылдады

Ол Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамында жұмыс істейтін болады.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін», деді Нұрсұлтан Байтілесов.

Н.Байтілесов 1991 жылы туған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетін «экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының магистрі.

2009 жылдан бастап Астана қаласы Алматы аудандық сотының жетекші маманы, бас маман-сот отырысының хатшысы, сот приставы, бас маманы, Атырау, Павлодар облыстық соттарының кеңсесі басшысының орынбасары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бас консультанты болып қызмет атқарған.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін – Әскери сот әкімшісінің басшысы, Қазақстан Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Осы тағайындауға дейін Шымкент қаласының Соттар әкімшісінің басшысы болды.

Соңғы қызметі «Қазақстанның сот әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі басшысының бірінші орынбасары болған еді.