Оқиға • 06 Наурыз, 2024

Оқушылар тірідей жанып кетті: Ақтөбеде жол апатынан 8 адам қайтыс болды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында жол-көлік апаты бүгін сағат 08:36-да тіркеліп, 8 адам көз жұмған. Бір көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқушылар тірідей жанып кетті: Ақтөбеде жол апатынан 8 адам қайтыс болды

Әлеуметтік желіде тараған фото

Ақтөбе-Атырау тасжолында Лада Ларгус және Тойота Хайлюск көлігі соқтығысқан. 

«Жол-көлік апаты кезінде Лада Ларгус көлігі жанды. Барлығы 8 адам көз жұмды. Сонымен бірге 3 адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер қарап шықты», деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев. 

Айта кетсек, жолаушылар арасында балалар да болған. Қазіргі уақытта олардың жасы мен аты-жөні анықталып жатыр.