Бокс • 07 Наурыз, 2024

Айбек Оралбай Италиядағы жекпе-жекте жеңіске жетті

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Айбек Оралбай Бусто Арсизио (Италия) қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Айбек Оралбай Италиядағы жекпе-жекте жеңіске жетті

Фото: Olympic.kz.

Бастапқыда оған үндістандық Санжит қарсылас болды. Оралбай жекпе-жекте қарсыласының өз басымдылығын пайдалануына жол бермей, сенімді түрде жеңіске жетті. 

Келесі кезеңде боксшымыз оңтүстіккореялық Ханеул Юнмен жұдырық байқасады.