Туризм • 07 Наурыз, 2024

Туризмге серпін беретін байланыс

35 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Германияда өткен ITB Berlin-2024 туристік көрмесі кезінде «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен Mastercard компаниясының жетекшілерімен кездесіп, Mastercard туристік инновациялар орталығының мүшелігіне қол жеткізді. Осы арада ITB Berlin – туризм саласында бүкіл әлемді қамтитын басты да ықпалды халықаралық форумы екенін еске сала кеткен жөн.

Туризмге серпін беретін байланыс

Осы көрмеде екі тарап өткен жылдың қыркүйегінде Қазақстан Президентінің АҚШ-қа сапарында жасалған Mastercard digital Country Partnership бесжылдық келісімнің басым бағыттарының бірі – туризмді дамыту жөніндегі ынтымақтастықтың келешегін талқылаған.

Мемлекеттік сектор бойынша жаһандық басшы, Mastercard стратегиялық өсу жөніндегі атқа­рушы вице-президенті Ни­кола Вилла, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қай­рат Сәдуақасовты, Mastercard елі­мізде шетелдік және ішкі ту­ризм­­ді дамыту бойынша се­рік­­тес болуға, Priceless.com. плат­­­форма арқылы әлемде 3 миллиард­тан астам Mastercard шот­­­тарының ұстайтындар арасында туристік бағыт ретінде түрлі бағдарламаларды іске асыруда технологиялар, жаһандық са­раптама мен қолдауға және Қазақстанды ілгерілетуге дайы­н екендігі туралы хабардар етті. Кездесу барысында ынты­мақ­тастықтың өзге бағыттары мен жобалары да талқыланды.

Осылайша, ірі көрме аясында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен Mastercard арасында ын­тымақ­тастық туралы мәміле жасалды.

Құжат «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның Mastercard туристік инновациялар орталығына (Mastercard Tourism Innovation Hub) – туризм­нің неғұрлым орнықты, икемді және инклюзивті индустриясын дамыту үшін Mastercard бас­тамасы бойынша әзірленген платформаға қосылуды қарас­тырады. Mastercard Tourism Inno­vation Hub мүшелігіне жеке адамдар ғана емес, мемлекеттік сектордың өкілдері өте алады. Платформа туризмге байланысты ынтымақтастық пен білім алмасуға ықпал етіп, үкі­меттердің, бизнес, жергілікті қа­уым­дастықтармен қатар, сая­хат­шылардың сұраныстарын қан­ағаттандыратын шешімдер жасауға көмектеседі.

Ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары туристік саланың стратегиясын әзірлеу үшін инно­вациялық тәсілдерді пайдалануды, туристік бағыттар мен коммуникацияларды брендтеуді, танымал туристік маршруттардың цифрлық және төлем қызметтерін дамытуды, туристік бағыттарды дамытуға арналған экологиялық тәсілді, ресурстарды тұрақты басқаруды, туризм саласындағы кадрларды, қауіпсіздікті және жалпы дамытуды қамтиды.

Сондай-ақ тараптар «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-қа Mastercard, Tourism Insights Platform-ға қолжетімділікпен бірге, әлемдік туристік талдауларға, оның ішінде сапарды жоспарлаудың басынан бастап, ол аяқталғаннан кейінгі кері байланысты, саяхаттың әрбір кезеңі бойынша деректерге қолжетімділікті ұсынуды талқылады. Сонымен қатар жүйе туристердің жалпы санын, қанша күн болатынын, танымал броньдау орындары, шығындардың орташа есебі мен бәсекеге қабілетті туристік нарықтарға байланысты басқа да мәліметтер алуға мүм­кіндік береді.

«Қазақстанда экологиялық туризмнен іскерлік туризмге дейінгі барлық түрін дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие. Бұған ел аумағындағы архео­­логиялық және тарихи ескерт­кіштердің бай тарихы ық­пал етеді. Mastercard-пен ынтымақ­тастықтың арқасында біз сарап­тамалық деректерге, озық халық­аралық тәжірибеге сүйене отырып, өз саламызды дамыта аламыз», деді Қайрат Сәдуақасов.

«Біздің қолдағы мәлімет­теріміз коронавирус пандемиясынан кейін туристік индустрия бұрынғы көрсеткіштерге қайта оралғанын, бүкіл әлемде саяхат қайта жанданғандықтан, жаңа бағыттар мен баға жетпес тә­жірибе жинауды қалайтынын көрсетіп отыр. Қазақстанның туризмнің барлық түрін дамыту үшін жеткілікті мүмкіндіктері бар және біз «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясымен жасалған келісімнің арқасында жуық жылдарда елдегі туристік саланың зор әлеуетін іске асыра алатынына се­німдіміз», дейді Никола Вилла.

Өз кезегінде, ITB Berlin көр­месі халықаралық туризмнің қай бағытта дамып отырғанын, негізгі тенденцияларын көрсете алады. Көрме түрлі семинарлар, симпозиумдар, сарапшылармен кездесулер, баспасөзге арналған дөңгелек үстелдері мен өзге де іс-шаралардан бө­лек, туристік индустрияның барлық сегменттерін ұсынып – ха­лықаралық туризм федерация­ларын, ұлттық және аймақтық турис­тік ұйымдарын, көлік агент­тіктері мен туроператорларды, қонақүйлер, сақтандыру компания­ларын, туристік агенттіктер, қонақ­үй менеджерлерін тоғыс­тырады.

Ал Mastercard – жетекші жа­һандық төлем ғана емес, техноло­гиялық компания болған­дықтан, қазіргі таңда төлемдерді цифр­ландыру есебінен даму­дың эко­номикалық өсуін ынталан­дыруға бағытталған 60-тан астам елде 1600-ден астам мемлекеттік жобаларды жүргізіп жатыр.

Компания Қазақстанда 20 жылдан аса жұмыс істейді және қолма-қол ақшасыз эконо­миканы дамытуға, әлемдік төлем инновацияларын енгізуге белсенді түрде септесіп келеді.

 

АЛМАТЫ