Қоғам • 08 Наурыз, 2024

Мерекеге орай жолаушылар пойызында гүлдер мен сыйлықтар таратылды

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай елордалық теміржол вокзалдарының перрондары мен пойыздарында жүзден астам әйел жолаушыларға гүлдер мен сыйлықтар табысталды. Өз кезегінде сыйлық алған әйелдер қауымы жолсеріктерге жылы лебіздерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мерекеге орай жолаушылар пойызында гүлдер мен сыйлықтар таратылды

Жолаушылар тасымалы АҚ

Әйелдер қауымына саксофоннан көңілді әуен арналып, пойыздың ішінде дауыс ұлғайтқыштан тілектер жолданды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, мереке құрметіне еліміз бойынша арнайы безендірілген пойыздар жолға шықты. Ұлттық тасымалдаушы 8 наурыз күні мерекелік құттықтауды жыл сайынғы дәстүрге айналдырып отыр. Барлық облыстарда жолаушы әйелдерге арналған құттықтау іс-шаралары өткізіліп жатыр.

Айта кетсек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында орта есеппен жыл сайын 13 миллионнан астам жолаушы қатынайды, олардың жартысына жуығы - әйелдер қауымы.