Құтқарушы • 09 Наурыз, 2024

Өрттен 3 ересек адам мен 2 бала құтқарылды

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысындағы Петерфельд ауылында 2-қабатты тұрғын үй кіреберісіндегі электр қалқанында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрттен 3 ересек адам мен 2 бала құтқарылды

Фото: ТЖМ

Оқиға орнына дереу жеткен №2 және 13 ӨСБ өрт сөндірушілері 3 иінді саты арқылы үйдің екінші қабатынан 5 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Олар медициналық жәрдемді қажет етпеді.

ТЖМ хабарламасында: «Өртті сөндіруге ТЖД 15-тей адам және 2 техника қатысты. Өрттің себебі – 1,5 шаршы метр аумақтағы қысқа тұйықталу», делінген.